Accessibility links

Ресей әскерилерді жерлеуге кеткен қаржы сомасын жариялады


Мәскеудегі зираттардың бірі

Мәскеудегі зираттардың бірі

2013-2016 жылдары Ресей қорғаныс министрлігі мыңнан астам әскери қызметкердің жерлеуінің шығынан көтеріп алған.

Министрліктің РБК ақпарат агенттігіне берген дерегінде әскерилерді жерлеуге бюджеттен 52 миллион рубль (шамамен 800 мың доллар) жұмсаған. Бұл қаржының 21 миллион рублі отставкадағы және зейнеттегі әскерилерді және соғыс ардагерлерінің жерлеуіне кеткен.

Министрліктің дерегінше, "52 миллион рубльдің 0,25 пайызы әскерде жүргенде, жаттығу алаңында қаза тапқандарды жерлеуге жұмсалған. Қаржының көбі соғыс ардагерлері мен зейнеттегі әскерилердің жерлеуіне бөлінген"

XS
SM
MD
LG