Accessibility links

Ильин Пекин мен Лондонда алған алтындарын қайтарады


Илья Ильин.

Илья Ильин.

Халықаралық олимпиада комитеті (ХОК) Илья Ильиннің Пекин және Лондон олимпиадасында алған алтын жүлделерін қайтарып алу туралы шешім шығарды. Бұл туралы 23 қарашада Қазақстан ұлттық олимпиада комитеті арнайы хабарлама таратты.

ХОК Илья Ильиннің Пекин мен Лондонда көрсеткен нәтижелері жойылғаны туралы ресми хатты Қазақстан ұлттық олимпиада комитетіне жіберген. Спортшының қанша уақытқа спорттан шеттетілетінін Халықаралық ауыр атлетика федерациясы қабылдайды.

ХОК Рио олимпиадасы алдында Пекин мен Лондон олимпиадасында алынған допинг сынамаларын жаңа технологиямен қайта тексеруді бастаған. Қайта тексеру кезінде Лондонда алтын алған ауыр атлеттер Светлана Подобедова, Мая Манеза, Зүлфия Чиншанлоның допинг сынамалары оң нәтиже беріп, олардың да нәтижелері жойылған. Ал Халықаралық ауыр атлетика федерациясы Илья Ильиннің Пекин мен Лондондағы сынамаларынан допинг табылғанын хабарлаған.

Пекин ойындарының жүлдегері Ирина Некрасова, Мария Грабовецкая (екеуі де - ауыр атлетика), Таймураз Тигиев (еркін күрес) және Әсет Мәмбетов (грек-рим күресі) те допинг дауына ілініп, олардың нәтижелері жойылған.

XS
SM
MD
LG