Accessibility links

Өзбекстандағы президент сайлауында ерте дауыс беру басталды


Өзбекстан президенттігіне кандидат Шавкат Мирзияев.

Өзбекстан президенттігіне кандидат Шавкат Мирзияев.

24 қарашада Өзбекстанда президент сайлауында ерте дауыс беру басталды. Бұл елде сайлау 4 желтоқсанға белгіленген. Өзбекстан заңына сай елде уақытынан бұрын дауыс беру сайлау белгіленген күннен он күн бұрын басталады.

Президенттікке кандидаттар тізімінде премьер-министр Шавкат Мирзияев, Өзбекстан халықтық-демократиялық партиясы атынан Хатамжон Кетмонов, "Миллий Тикланиш" партиясынан Сарвар Отамуратов және "Адолат" партиясынан Нариман Умаров бар. Президент бес жылға сайланады. Сайлаушылар тізімінде 21 миллион 435 мың адам бар. Елдегі сайлау учаскелерінде 9378 адам жұмыс істейді.

Өзбекстанда 27 жылға жуық уақыт басқарған Ислам Каримовтың қазасынан кейін елде президент сайлауы белгіленген.

XS
SM
MD
LG