Accessibility links

Порошенко мен Трамп телефон арқылы сөйлескен


Украина президенті Петр Порошенко Брюссельде. 24 қараша 2016 жыл.

Украина президенті Петр Порошенко Брюссельде. 24 қараша 2016 жыл.

Украина президенті Петр Порошенко АҚШ алдағы уақытта Украинаға қатысты саясатын өзгертпей, қолдай беретініне сенім білдірді. АҚШ-тың болашақ президенті Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлескен Порошенко онымен "Ресейдің агрессиялық іс-қимылдарын" талқылаған.

24 қараша Брюссельдегі "Украина - Еуроодақ" саммитінде Порошенко "АҚШ-тың конгресінде, республикалық және демократиялық партияларда Украинаны қолдайтын саясаткерлер бар екенін" жеткізді.

Трамп президент сайлауы алдында Ресейдің саясатын қолдап, Қырымның аннексиясын мойындауы мүмкін екенін айтып келген.

Ал Украина президенті президент сайлауынан кейін Трампен сөйлескенде "Ресейдің Қырымды заңсыз аннексиялап алғаны туралы мәселені талқылағандарын" айтты.

2014 жылы Ресей Қырымды аннексиялап алған соң ЕО мен АҚШ бұл елге санкция салған. АҚШ-тың қазіргі президенті Барак Обама Қырымды Ресейдің аймағы деп санамайтынын ашық айтқан.

XS
SM
MD
LG