Accessibility links

Санкт-Петербургте Бөкейхановтың бюсті ашылды


Әлихан Бөкейханов.
Әлихан Бөкейханов.

24 қарашада Санкт-Петербургте "Алаш" партиясының лидері болған Әлихан Бөкейхановтың бюсті ашылды.

Бюст бұрын бірінші мемлекеттік думаның ғимараты орналасқан Тавриялық сарайының алдында орнатылды. Бөкейхановтың өзі бірінші мемлекеттік думаның депутаты болған. Қазір бұл сарайда ТМД-ның парламент аралық ассамблеясының штаб-квартирасы орналасқан. Бюсттің ашылуына ТМД ұлттық парламентінің депутаттары қатысты. Bnews агенттігінің жазуынша, Бөкейхановтың бюсті қоладан құйылған.

Биыл 150 жылдығы аталып өтіп жатқан Әлихан Бөкейхановтың бюсті туған жері Қарағанды облысындағы Ақтоғай ауылында да орнатылған.

Әлихан Бөкейханов 1866 жылы Семей облысы Қарқаралы уезінде туған. Омск техникалық училищесін, Петербургтегі орман технологиясы институтының экономика факультетін бітірген. "Алаш" партиясын құрушы. 1917 жылы "Алашорда" қазақ автономиялық үкіметін басқарған. 1937 жылы ату жазасына кесілген.

XS
SM
MD
LG