Accessibility links

Болгариядағы босқындар лагерінде қақтығыс болды


Болгария полициясы Харманлидегі босқындар лагерінің маңында тұр. 24 қараша 2016 жыл.
Болгария полициясы Харманлидегі босқындар лагерінің маңында тұр. 24 қараша 2016 жыл.

24 қарашада Болгарияның Харманли қаласындағы босқындар лагерінде полиция мен мигранттар арасында қақтығыс болды.

Босқындар лагерьде карантин жариялауға қарсы шығып, жиһаздар мен автомобиль шиналарын өртеген. Лагерьде тұрып жатқан мигранттар келген полицияларға да шабуыл жасаған.

Өткен аптада жергілікті басылымдар босқындар лагерінде тері ауруларының инфекциясы тарағанын жазған. Осы ақпараттан кейін Харманли тұрғындары босқындар лагері жабуды талап етіп, қарсылық шарасын ұйымдастырған. Жергілікті билік бұл ақпаратты жоққа шығарғанымен лагерьде карантин жариялады.

Харманли лагерінде үш мыңға жуық ауғанстандық босқындар тұрып жатыр.

XS
SM
MD
LG