Accessibility links

Трамп Клинтонның дауысты қайта санауды қолдағанына "ренжулі"


АҚШ президенті болып сайланған Дональд Трамп. 21 қараша 2016 жыл.

АҚШ президенті болып сайланған Дональд Трамп. 21 қараша 2016 жыл.

АҚШ президенті болып сайланған Дональд Трамп қарашаның басындағы президент сайлауында бәсекелес болған Хиллари Клинтонның басты үш штаттағы дауыстарды қайта санауды қолдау туралы шешіміне "ренжулі" екенін мәлімдеді. Бұл туралы ол Twitter-дегі аккаунтында жазды. Бұған дейін демократтар кандидаты Клинтонның штабы Висконсин штатындағы бюллетенді қайта санауды қолдайтынын хабарлаған.

25 қарашада Висконсин штатының сайлау комиссиясы Жасылдар партиясының кандидаты Джил Штайнның Висконсиде "статистикалық ауытқышулықтар" бары туралы шағымын мақұлдаған. Джил Штайн сонымен қатар Мичиган мен Пенсильвания штатындағы дауыстарды қайта санауға да қол жеткізбек ниетте. Бұған дейін Трамп оның бұл әрекетін "алаяқтық" деп атаған.

Сайлауда Клинтон Трамптан екі миллион дауыс артық жинаған. Бірақ Трамп әр штат өкілдерінен құралатын сайлаушылар алқасында 290 дауыс жинап, жеңіске жеткен. Клинтон Мичиган штатындағы дауыстарды есептемегенде сайлаушылар алқасында 232 дауыс алған. 27 қарашадағы мәліметтер бойынша, Трамп бұл штатта Клинтоннан 11 мың дауыс артық жинаған. Бүгін бұл нәтижелер мемлекеттік сертификациядан өткізілуі тиіс. Егер Мичиган, Висконсин және Пенсильваниядағы дауыстарды қайта санауда Клинтонның көп дауыс алғаны анықталса, онда ол сайлаушылар алқасында да Трамптан артық дауыс жинауы мүмкін.

XS
SM
MD
LG