Accessibility links

"Норманд төрттігі" Минскіде Украина дағдарысы бойынша келісе алмады


"Норманд төрттігі" деп аталатын топ елдері - Украина, Ресей, Франция және Германия сыртқы істер министрлерінің кездесуі. Минск, 29 қараша 2016 жыл.
"Норманд төрттігі" деп аталатын топ елдері - Украина, Ресей, Франция және Германия сыртқы істер министрлерінің кездесуі. Минск, 29 қараша 2016 жыл.

Минскіде 29 қарашада Украинаның шығысындағы қақтығысты реттеу жөнінде келіссөз өткізген Ресей, Украина, Франция және Германияның сыртқы істер министрлері келісімге келе алмады.

Германия сыртқы істер министрі Франк Вальтер Штайнмайердің мәлімдеуінше, кездесу аяқталды, бірақ оған қатысушыларға Донбаста жергілікті сайлау өткізу жөніндегі ортақ келісім жасауға әлі ерте болып тұр. Украина сыртқы істер министрі Павел Климкин келіссөздің сәтсіз болуын Ресейден көрді. Оның сөзінше, Мәскеу келіссөздің күн тәртібінде тұрған негізгі ұсыныстардың бір де бірімен келіспеген.

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров тараптардың келісе алғанын, бірақ "жұмыс жалғасатынын" мәлімдеді. Ол Украина шығысында ЕҚЫҰ басшылық ететін әскери бақылаушылар миссиясын құру ұсынысын қабылдамай тастады. Франция сыртқы істер министрі Жан-Марк Айро "Минск келісімінің барлық шарттары жүзеге асуы тиіс екенін" және тараптардың әлі "көп жұмыс атқаруы" керегін айтты. Ол диалогты күрделі деп атағанымен, келіссөз толық аяқталмағанын жеткізді.

XS
SM
MD
LG