Accessibility links

Бішкек базарындағы төтенше оқиғадан зардап шеккен екі адамның жағдайы ауыр


Бішкек түбіндегі "Дордой" базары (Көрнекі сурет).

Бішкек түбіндегі "Дордой" базары (Көрнекі сурет).

Бішкек түбіндегі "Дордой" базарының "Алканов" сауда кешенінде шатырдың опырылып түсуінен зардап шеккен бес адамның екеуінің жағдайы ауыр. Бұл туралы Азаттықтың Қырғыз редакциясына Бішкектің Свердловск ауданының әкімі Самарбек Болотбеков хабарлады.

Төтенше оқиға 29 қараша күні таңтертең болған. Оқиғадан бес адам зардап шеккен. Олардың арасында қазақстандық екі азамат бар.

Болотбековтің сөзіне қарағанда, шатырдың құлау себептері анықталып жатыр. "Алканов" сауда кешені шатыры опырылған соң уақытша жабылған.

Қараша айында "Дордой" базарында осымен екінші төтенше жағдай болып отыр. 27 қарашада қалың қардан базардың "Кербен"сауда кешені қатарларының арасындағы шатыр опырылған.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG