Accessibility links

Ташкент ЕАЭО-ға кіру жоспары жоғын мәлімдеді


Өзбекстан туы (Көрнекі сурет).

Өзбекстан туы (Көрнекі сурет).

Өзбекстанның Ресей бастаған Еуразия экономикалық одағына (ЕАЭО) кіру жоспары жоқ деп мәлімдеді Өзбекстан үкіметінің өкілі. Өзбекстан сыртқы экономикалық байланыстар министрінің орынбасары Шавкат Толаганов 29 қарашада Ташкентте журналистерге өзбек сарапшылары ЕАЭО-ға кіру "Өзбекстанға ешқандай артықшылықтар әпермейді, тіпті кейбір тұстарда зиян шектіреді" деген қорытынды жасағанын айтты.

Толаганов 4 желтоқсанда өтетін президент сайлауына кандидаттар сыртқы саясатты "бақилық болған президент Ислам Каримовтың нұсқауы бойынша түзетінін" ендігі мәлімдеп қойғанын айтты. Кремльдің интеграциялық бастамаларын қолдамаған Ислам Каримовтің қайтыс болғаны 2 қыркүйекте хабарланған.

Ресей президенті Владимир Путин Армения, Беларусь, Қазақстан және Қырғызстан да мүше ЕАЭО-ны Мәскеудің бұрынғы Совет одағы аумағындағы ықпалын нығайту үшін және Еуропа одағы мен НАТО-ға қарсы тұруға пайдаланғысы келеді.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG