Accessibility links

Ердоған Сириядағы операция "әлдекімге бағытталмағанын" мәлімдеді


Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған. Стамбул, 23 қараша 2016 жыл.

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған. Стамбул, 23 қараша 2016 жыл.

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған "Сирияның солтүстігіндегі түрік қарулы күштерінің мақсаты - террорлық ұйымдармен күресу" деп мәлімдеді. Ол операцияның "әлдебір елге не жеке адамдарға" бағытталмағанын айтты.

Ердоған екі күн бұрын түрік армиясы мен сириялық көтерілісшілер бірге өткізіп жатқан "Евфрат қалқаны" операциясының мақсаттарының бірі - Сирия президенті, "қатыгез диктатор Башар Асадтың билігін құлату" екенін мәлімдеген.Түркия президентінің бұл сөзіне Асадқа әскери көмек көрсетіп жатқан Ресей наразы болған. Кейін Ресей президенті Владимир Путиннің көмекшісі Юрий Ушаков "Путинмен телефон арқылы сөйлескен Ердоған пікірін түсіндірді" деп хабарлаған.

Сирияның солтүстігіндегі түрік қарулы күштері әзірше Асад армиямен қақтығысқан жоқ. Түріктер "Ислам мемлекеті" эктремистік тобымен және күрд жасақтарымен соғысып жатқан көтерілісшілерге көмектесіп жүр.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG