Accessibility links

2016 жылдың 11 айында Қазақстанда 71 спортшының сынамасынан допинг табылған. Бұл туралы Алматыда өтіп жатқан "Спорттық медицинадағы өзекті мәселелер" деп аталатын конференцияда Қазақстанның антидопинг ұлттық орталығының директоры Майра Бақашева мәлімдеді.

Орталық директорының айтуынша, допинг сынамасы оң нәтиже берген спортшылардың басым бөлігі белгілі бір уақытқа спорттан шеттелген. Биыл допингпен ұсталған 71 спортшының 34-інен мельдоний препараты табылған. Мельдоний 2016 жылдың 1 қаңтарынан рұқсат етілмеген препараттар тізіміне енгізілген.

Биыл Халықаралық олимпиада комитеті Рио олимпиадасы алдында Пекин мен Лондон олимпиадасында алынған допинг сынамаларын жаңа технологиямен қайта тексеруді бастаған. Қайта тексеру кезінде Лондонда алтын алған қазақстандық ауыр атлеттер Светлана Подобедова, Мая Манеза, Зүлфия Чиншанлоның допинг сынамалары оң нәтиже беріп, олардың нәтижелері жойылған. Ал Халықаралық ауыр атлетика федерациясы ауыр атлет Илья Ильиннің Пекин мен Лондондағы сынамаларынан допинг табылғанын хабарлап, оның екі медалін де қайтарып алды.

Пекин ойындарының жүлдегері Ирина Некрасова, Мария Грабовецкая (екеуі де - ауыр атлетика), Таймураз Тигиев (еркін күрес) және Әсет Мәмбетов (грек-рим күресі) те допинг дауына ілініп, олардың нәтижелері де жойылған.

  • 16x9 Image

    Руслан МЕДЕЛБЕК

    1990 жылы 4 қаңтарда дүниеге келген.

    Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы мен Халықаралық олимпиада комитетінің жас репортері.

    "Спорт", "Қазақ спорты" газеттерінде, "Алматы" телеарнасында журналист-репортер болған. 2012 жылдан бері "Азаттық" радиосының тілшісі. Сочи - 2014 қысқы және Рио - 2016 жазғы олимпиада ойындарынан тікелей хабар таратты.

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG