Accessibility links

Түркия парламенті Ресеймен газ құбырын салу келісімін мақұлдады


Ресейден Түркияға тартылады деген "Түрік ағыны" газ құбырының картасы.

Ресейден Түркияға тартылады деген "Түрік ағыны" газ құбырының картасы.

Түркия парламенті Ресеймен "Түрік ағыны" газ құбыры жөніндегі келісімді ратифициялады. Келісім енді президент Режеп Ердоған қол қойған соң күшіне енеді.

Газ құбыры екі тармақтан тұрады: оның бірі газды Түркияның өзіне тікелей жеткізеді, екіншісі Еуропаға тасымалдайды. Анкара газ құбырын салуға 2017 жылдың басында кірісуді жоспарлап отыр. Құбыр құрылысы 2019 жылдың соңында аяқталады деп жоспарланған.

10 қазанда Ресей мен Түркия "Түрік ағыны" құбырын салу жөнінде үкіметаралық келісімге қол қойған. Жоба түрік әскерилері 2015 жылы қарашада Сириямен шекарадағы әуе кеңістігінде Ресейдің әскери ұшағын атып түсіргенге дейін дайындалған. Мәскеу бұл оқиғадан соң Анкараға қарсы санкциялар салған соң "Түрік ағынына" қатысты келіссөз тоқтап қалған. Келіссөз Түркия Ресей жағынан ұшақты атып түсіргеніне кешірім сұраған соң қайта жалғасты.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG