Accessibility links

Өзбекстанда сайлаудың алдын ала нәтижелері түстен кейін жарияланбақ


Шавкат Мирзияев президент сайлауында сайлау учаскесінде дауыс беріп тұр. Ташкент, 4 желтоқсан 2016 жыл.
Шавкат Мирзияев президент сайлауында сайлау учаскесінде дауыс беріп тұр. Ташкент, 4 желтоқсан 2016 жыл.

Өзбекстан Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) хабарлауынша, мерзімінен бұрын президент сайлауының алдын ала нәтижелері бүгін жергілікті уақыт бойынша сағат 16-да жарияланады. ОСК басшысы Мирза-Улугбек Абдусаломов бұл жайында 4 желтоқсанда сайлау учаскелері жабылған соң жариялады.

Абдусаломов дауыс беруге сайлаушылардың 87,83 пайызы - 17,9 миллион адам қатысқанын айтты. Өзбекстанда сайлаушылар тізіміне 20 миллионға тарта адам енгізілген.

Бұл сайлауда 2003 жылдан бері премьер-министр қызметін атқарған Шавкат Мирзияев жеңіске жетеді деген болжам басым. 59 жастағы Мирзияев күзде авторитарлық президент Ислам Каримовтың қайтыс болғаны хабарланғаннан алты күннен соң президент міндет атқарушы болып жарияланған.

Мирзияев президент міндетін уақытша атқарушы болып конституцияға сай жарияланған жоқ. Конституция бойынша, президент міндетін уақытша атқару алдымен парламенттің жоғарғы палатасының спикеріне жүктелуі тиіс болатын. Мирзияев бұған дейін Ислам Каримов салып берген саяси бағыттан айнымайтынын мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG