Accessibility links

Путин: Ресей кез-келген ықтимал қарсыластан күштірек


Ресей президенті Владимир Путин қорғаныс министрлігіндегі кездесуде отыр. Мәскеу, 22 желтоқсан 2016 жыл.
Ресей президенті Владимир Путин қорғаныс министрлігіндегі кездесуде отыр. Мәскеу, 22 желтоқсан 2016 жыл.

Ресей президенті Владимир Путин Ресей қарулы күштері қазір "кез-келген ықтимал қарсыластан күшті екенін" мәлімдеді. Оның сөзінше, армия "елге төнетін қауіптің бетін қайтару жоспарына түзету енгізуге" дайын болуы тиіс.

"Қазір біз кез-келген ықтимал басқыншыдан күштірекпіз деп сеніммен айтуға болады" деп мәлімдеді Путин 22 желтоқсанда қорғаныс министрлігінде өткен қорытынды жиында.

Ол Ресей өзінің ядролық қуатын күшейтіп, "қолданыстағы және келешекте жасалуы ықтимал кез-келген зымыраннан қорғаныс жүйесіне тойтарыс бере алатын" зымырандары болуы тиіс екенін айтты.

Бұл күні АҚШ-тың жаңа сайланған президенті Дональд Трамп АҚШ-тың ядролық қуатын нығайтуға шақырды. Трамп Twitter-дегі аккуантында "АҚШ өзінің ядролық қауқарын тым болмағанда әлем қарудың бұл түріне деген көзқарасын қашан өзгерткенге дейін күшейте беруі тиіс" деп жазды. Кейін Трамптың баспасөз хатшысы Джейсон Миллер Трамп бұл мәлімдемесінде қазір әлемде ядролық қарудың кең тарау қаупі туындағанын және оның әсіресе террористік ұйымдар мен билігі тұрақты емес елдерде кең таралуына кедергі келтірудің аса қажетін меңзегенін айтты.

Ресей мен АҚШ 2010 жылы жасалған Стратегиялық шабуылдаушы қару-жарақтарды ары қарай да шектеу мен азайту туралы келісім аясында ядролық арсеналдарын азайтуға міндеттеме алған.

Қарулану мәселесі жөніндегі америкалық сарапшы Стивен Пайфер Twitter-де Трампқа жауап ретінде АҚШ-та сенімді ядролық арсеналы бар болғандықтан оның ұлғайтудың қажет емесін жазды. Брукгин институтының Қарулануды бақылау жөніндегі бастама директоры, АҚШ-тың Украинадағы бұрынғы елшісі Стивен Пайфердің пікірінше, Ресей өз ядролық арсеналын қысқартуы керек.

Ресей мен АҚШ-тың қарым-қатынасы соңғы бірнеше жылда, әсіресе Мәскеу 2014 жылы наурызда Украинадан Қырым түбегін аннексиялап алып, артынша Украина шығысындағы ресейшіл сепаратистерді қолдаған соң нашарлап кеткен.

XS
SM
MD
LG