Accessibility links

Бигелді Ғабдуллин сот залынан босатылды


Бигелді Ғабдуллин сот залында отыр. Астана, 24 қаңтар 2017 жыл
Бигелді Ғабдуллин сот залында отыр. Астана, 24 қаңтар 2017 жыл

Астана қаласы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған аудандық сотының судьясы Бағлан Ыдырысов "мемлекеттік органдар мен олардың басшыларынан ақша бопсалаған" деп айыпталған Central Asia Monitor газетінің бас редакторы әрі Radiotochka.kz порталының шығарушысы
Бигелді Ғабдуллиннің бас бостандығын 5 жылға шектеп, сот залынан босатты.

Судья айыпталушы Бигелді Ғабдуллиннің бұрын істі болмағанын, кәмелет жасына толмаған балалары барын, тергеу кезінде кінәсін мойындағанын, қылмыстық істі ашуға көмектескенін, жәбірленуші тараптарға келтірген шығынды тергеу кезінде толық өтегенін ескергенін айтып өтті. Сот шешімімен Бигелді Ғабдуллиннің мүлкі тәркіленбейтін болды. Бұған қоса, Бигелді Ғабдуллинге көпшілік орындарға баруға, мемлекеттік орындар мен жекеменшік ұйымдарда 10 жылға дейінгі мерзімде басшылық жасауға тыйым салынды.

Кеше соттың жарыссөз кезеңінде прокурор Әлібек Айтжанов Бигелді Ғабдуллинге "мемлекеттік органдар мен олардың басшыларынан ақша бопсалағаны" үшін айыпты деп тауып, бұрын сотталмағанын, кәмелетке толмаған балалары барын және тергеуге өз еркімен келгенін ескеріп 5 жылға бас бостандығын шектеуді сұраған. Прокурор Ғабдуллиннің Жамбыл мен Шығыс Қазақстан облыстары, Астана қаласы әкімдігі және энергетика министрлігінен жиыны 22 миллион теңгеден астам қаржыны бопсалап алғанын мәлімдеген.

Ғабдуллиннің өзі жарыссөзде қылмысын мойындап, ісіне өкінетінін, қылмыстық жазадан босаса, "президент Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатын жүзеге асыруға аянбай еңбек ететінін" айтқан.

XS
SM
MD
LG