Accessibility links

БАҚ: Ресейде "АҚШ-тағы сайлаумен байланысты" ФСБ қызметкерлері ұсталды


ФСБ қызметкерлері (Көрнекі сурет).
ФСБ қызметкерлері (Көрнекі сурет).

Ресейлік ақпарат құралдары Ресей Федерладық қауіпсіздік қызметінің (ФСБ) тағы бір офицері мемлекетке сатқынды жасады деген күдікпен ұсталғанын және ол істің АҚШ президенті сайлауы кампаниясына жасалған кибершабуылмен байланысы бар болуы мүмкін екенін хабарлады.

"Рамблер" агенттігі мен "Коммерсант" басылымының 26 қаңтардағы ақпаратына қарағанда, ұсталған адам - ФСБ-ның ақпараттық қауіпсіздік орталығы басшысының орынбасары Сергей Михайлов. "Коммерсант" Сегей Михайловтың өткен жылы желтоқсанда сатқындық жасау айыбымен ұсталғанын жазады.

Ресейдің тағы бір газеті - "Новая газета" да 26 қаңтарда "Коммерсанттың" ақпаратын растады. "Новая газета" аты-жөнін атамаған дереккөзіне сілтеме жасай отырып Михайловтың Мәскеуде ФСБ шенеуніктерімен кездесуде ұсталып, бөлмеден басына қап кигізіп әкетілгенін хабарлады.

Сонымен қатар желтоқсанда Ресейдің Kaspersky Lab компьютер қауіпсіздігі компаниясының менеджері де ұсталған. Kaspersky Lab Азаттыққа ұсталған менеджердің аты-жөні Руслан Стоянов екенін растап, оның компанияның тергеу бөлімін басқарғанын хабарлады.

Linkedin сайтында жарияланған ақпаратта Стояновтың Kaspersky Lab компаниясында 2012 жылдан бастап жұмыс істегені және оған дейін 2000 жылдардың басында Ресей ішкі істер министрлігінің киберқылмыс бөлімінда қызмет еткені айтылады.

"Рамблер" порталы мен "Рен-ТВ" телеарнасы 26 қаңтарда желтоқсанда ФСБ-ның тағы бір қызметкері, майор Дмитрий Докучаевтің да ұсталғанын хабарлады. Докучаев ФСБ-ның ақпараттық қауіпсіздік орталығындағы өзге бір бөлімін басқарған.

XS
SM
MD
LG