Accessibility links

Ирак пен Сирияда коалиция шабуылынан 11 бейбіт тұрғын оққа ұшқан


Қаза тапқан туыстарының жанында жылап отырған сириялықтар. Дамаск, 29 желтоқсан 2016 жыл.
Қаза тапқан туыстарының жанында жылап отырған сириялықтар. Дамаск, 29 желтоқсан 2016 жыл.

Ирак пен Сирияда "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымына қарсы соғысып жатқан АҚШ бастаған коалицияның әуе шабуылдарынан 11 бейбіт тұрғын мерт болды. АҚШ әскерилерінің мәлімдеуінше, бейбіт тұрғындар өткен жылдың 25 қазаны мен 9 желтоқсаны аралығында содырлардың ынсандары мен шептерін бомбалау кезінде кездейсоқ оққа ұшқан.

Коалиция операция кезінде бейбіт тұрғындардың қазасын азайтуға қанша күш салып жатқанымен, кейде бейбіт тұрғындардың кездейсоқ қаза табатынын айтады.

АҚШ әскерилері Ирак пен Сирияда бейбіт тұрғындар қаза болған тағы 10 оқиғаның тексеріліп жатқанын айтады.

XS
SM
MD
LG