Accessibility links

ҰҚК-ге коррупциялық істерді тергеу құқығын беруді ұсынды


Иоган Меркель, Қазақстан бас прокурорының орынбасары.
Иоган Меркель, Қазақстан бас прокурорының орынбасары.

Қазақстан бас прокуратурасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) әскерилер мен коррупцияға қарсы ведомство қызметкерлерінің коррупциялық ісін тергеу құзыретін беруді сұрады. Қазақстанда соңғы жылдарда коррупциялық істерді тергеумен негізінен Коррупцияға қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы айналысып келеді. Бюро мемлекеттік қызмет және коррупцияға қарсы іс-қимыл агенттігінің құрамына кіреді.

Бүгін Астанада бас прокурордың орынбасары Иоган Меркель мәжілісте "құқық қорғау жүйесін жетілдіру мәселелері" туралы заң жобасын таныстыру кезінде ҰҚК-ге "арнайы органдарға" қатысты қылмыстық істерді тергеу құқығын беруді ұсынатынын мәлімдеді. Оның сөзіне қарағанда, бұл өзгеріс мұндай істерді тергеуде коррупцияға қарсы іс-қимыл ұлттық бюросына "баламалы тепе теңдікті" қамтамасыз етеді.

Заң жобасында тергеушінің прокурордың шешіміне шағымдану құқығын, тергеуші судьялардың қамауға алуға санкция беру құзыретін кеңейту, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қарсылық көрсеткені үшін салынатын айыппұл мөлшерін 11 миллион теңгеге дейін көбейту қарастырылған.

XS
SM
MD
LG