Accessibility links

Жамбыл облысында қар көшкінінен жеті адам мерт болған


Жамбыл облысында бүгін әскери жаттығу кезінде қар көшкіні астында қалған жеті адам қаза тапқан деп хабарлайды «Қазақпарат» агенттігі.

Қазақстан ІІМ төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов қар көшкіні салдарынан 7 адам опат болып, 16 адамның құтқарылғаны туралы хабарлаған.

Қазақстан қорғаныс министрлігі таратқан ақпаратта 17 ақпанда Жамбыл облысындағы Көксай шатқалында өтіп жатқан 91678 әскери бөлімі әскери қызметшілерінің жауынгерлік дайындығы бойынша жоспарлы жаттығу барысында кенеттен қар көшкіні түскені айтылған. «Жауынгерлік дайындыққа барлығы 23 адам қатысқан» делінген қорғаныс министрлігі хабарламасында.

Қазақстан премьер-министрінің қаулысымен апат себебін тексеру үшін арнайы комиссия құрылған.

XS
SM
MD
LG