Accessibility links

ЕО Беларуське салған санкциясының мерзімін ұзартты


Александр Лукашенко, Беларусь президенті.
Александр Лукашенко, Беларусь президенті.

Еуропа Одағы (ЕО) Беларуське салған санкциясын бір жылға ұзартты. Санкция бойынша Беларуське қару-жарақ эмбаргосы салынып, 1999-2000 жылдары екі оппозиционердің, бизнесмен мен журналистің із-түзсіз жоғалып кетуіне қатысы бар деп саналатын төрт адамның активтері бұғауланып, олардың ЕО аумағына кіруіне тыйым салынған.

ЕО мәлімдемесінде "Минскінің адамның басты еркіндіктерін, заңның үстемдігін құрметтеуге және адам құқығын сақтауға бағытталған нақты қадамдары ЕО-ның Беларуське қатысты болашақ саясатын анықтайды" делінген.

Өткен жылы ақпанда ЕО Беларусьтің 170 шенеунігіне, оның ішінде осы ел президенті Александр Лукашенко мен үш беларусь компаниясына салған санкциясын жойған. ЕО бұған Беларусьтегі саяси тұтқындардың босатылуы және елдегі адам құқықтары жағдайының жақсаруы себеп деген.

ЕО 174 беларусь азаматы мен төрт беларусь компаниясына қарсы санкцияларды биліктің 2010 жылы Беларусьтегі президент сайлауынан соң демонстранттарды басып-жаныштағаннан кейін енгізген.

XS
SM
MD
LG