Accessibility links

БҰҰ Донбаста қаза тапқандар саны туралы жаңа есебін жариялады


Донбастағы украин сарбазы.
Донбастағы украин сарбазы.

Украина шығысында үкімет күштері мен Ресей қолдайтын сепаратистер арасныда соғыс басталған 2014 жылдың сәуірінен бері 10 мыңға жетеғабыл адам қаза тапты. Бұл туралы БҰҰ-ның адам құқығы жөніндегі жоғарғы комиссары басқармасының жаңа есебінде айтылады. БҰҰ мәліметінше, 2014 жылғы сәуірдің ортасынан 2017 жылдың 12 наурызына дейін 9940 адам қаза тауып, 23455 адам жараланған.

Баяндама авторларының мәліметіне қарағанда, "бұл санға украин әскерилері, бейбіт тұрғындар мен қарулы топтардың өкілдері кіреді". Бейбіт тұрғындар арасындағы шығын екі мың адамнан асады. Қақтығыстардан зардап шеккен бейбіт тұрғындар саны 7-9 мың шамасында. БҰҰ 2016 жылғы 16 қараша мен 15 ақпанда БҰҰ миссиясы 23 бейбіт тұрғынның қазасы мен 107 адамның жараланғанын тіркеген.

XS
SM
MD
LG