Accessibility links

АҚШ-та миллиардер Рокфеллер қайтыс болды


Нью-Йорк қаласы. (Көрнекі сурет)

Нью-Йорк қаласы. (Көрнекі сурет)

АҚШ-та 101 жастан асқан шағында миллиардер және филантроп Дэвид Рокфеллер қайтыс болды деп хабарлады оның жақындарына сілтеме жасаған ақпарат агенттіктері.

Туыстарының дерегінше, мұнай магнаты әрі тарихтағы тұңғыш доллар миллиардері Джон Рокфеллердің немересі Дэвид Рокфеллер Нью-Йорк маңындағы қонысында ұйықтап жатып дүниеден өткен.

Дэвид Рокфеллер 1915 жылы Нью-Йоркте туған. Ол Гарвард университетін бітіріп, Чикаго университетінде экономика докторы ғылыми дәрежесін алған. 1942 жылы әскерге барған Дэвид Рокфеллер екінші дүниежүзілік соғыс кезінде барлаушы болып, капитан шенін иеленген. Рокфеллер дүние жүзінің басым бөлігіне белгілі ірі банк жүйесін құрып, үкіметтермен және көпұлтты корпорациялармен тығыз ынтымақтастықс орнатқан қаржыгер ретінде танылды.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG