Accessibility links

Санкт-Петербург: Жарылыс құрбандарының саны 14-ке жетті


Вероника Скворцова брифингте сөйлеп отыр. Санкт-Петербург, 4 сәуір 2017 жыл.
Вероника Скворцова брифингте сөйлеп отыр. Санкт-Петербург, 4 сәуір 2017 жыл.

Ресей денсаулық сақтау министрі Вероника Скворцова Санкт-Петербург метросындағы жарылыстан қаза тапқандар саны 14 адамға ұлғайғанын хабарлады. Скворцова 4 сәуірде 11 адамның оқиға орнында, бір адамның жедел жәрдем көлігінде, тағы екі адамның ауруханада көз жұмғанын айтты. Жараланған 49 адам ауруханада жатыр.

Метроның "Сенная площадь" және "Технология институты" станцияларының арасында вагонда жарылыс 3 сәуір күні күндіз болған. Бұған дейін жарылыс құрбандарының саны 11 адам деп хабарланған еді.

XS
SM
MD
LG