Accessibility links

Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығының лауреаты Малала Юсуфзай БҰҰ-ның ең жас бейбітшілік елшісі атанды. Пәкістандық 19 жастағы белсендіні бейбітшілік елшісі етіп тағайындау салтанаты БҰҰ-ның Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде өтті. Салтанатты шараға БҰҰ бас хатшысы Антонио Гутерреш қатысты. "Сен қаһарман ғана емес, өте қайсар әрі жомарт адамсың" деді Гутерреш Малалаға. Малала оған "Біз қыздарға білім берсек қоғамды өзгертеміз. Менің үмітім мол және қыздарды өздерін көрсетуге, өз күштеріне сенуге шақырамын" деді.

Малала 2012 жылы Пәкістанда өзі оқып жүрген мектеп автобусына жасалған шабуылда басына оқ тиіп, жараланған. Шабуылды Малаланың қыздарға білім беру кампаниясына қарсы талибтер жасаған. Малала шабуылдан ауыр жараланған, бірақ Ұлыбританияда емделіп, аман қалды. Қазір сол елде тұрып жатыр. Өзіне қастандық жасалғалы бері ол әлемді аралап, қыздардың білім алуына мүмкіндік беруге шақырып келеді. 2014 жылы ол бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығын иеленді.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG