Accessibility links

Нью-Йоркте Пулитцер сыйлығының иегерлері жарияланды


Джозеф Пулитцердің суреті бейнеленген почта маркасы.
Джозеф Пулитцердің суреті бейнеленген почта маркасы.

Нью-Йорктегі Колумбия университетінде Пулитцер сыйлығының лауреаттары жарияланды. Бұл туралы сыйлықтың ресми сайтында хабарланды. Сыйлық "Қоғамға сіңірген еңбегі" категориясы бойынша The New York Daily News және ProPublica басылымдарына берілді. Бұл басылымдар Нью-Йоркте әлеуметтік жағдайы төмен азаматтардың мемлекет үйлерінен шығарылғаны туралы жазған. Үздік зерттеу жұмысын жүргізгені үшін берілетін сыйлықты Charleston Gazette-Mail басылымының журналисі есірткі контрабандасын әшкерелегені үшін алды.

"Халықаралық репортаж" номинациясы бойынша сыйлық The New York Times газетінің тілшісіне "Владимир Путиннің Ресей ықпалын басқа елдерге тарату әрекеті" туралы материалы үшін берілген.

Пулитцер сыйлығы - әдебиет, журналистика және театр салаларындағы америкалық ең мәртебелі сыйлықтардың бірі. Сыйлық тегі венгр-еврей газет магнаты, 1911 жылы қайтыс болған Джозеф Пулитцер қалдырған қор негізінде тағайындалады. 1903 жылы ол қаржысын қалай пайдалану туралы өсиет қалдырған. Мангаттың өсиет қалдырған күні Пулитцер сыйлығы тағайындалған күн деп саналады.

XS
SM
MD
LG