Accessibility links

"Боруссия Дортмунд" клубы автобусының жанында үш жарылыс болды


"Боруссия Дортмунд" командасы автобусының жанында болған жарылыстан кейін. Германия, 11 сәуір 2017 жыл.

Германия полициясының хабарлауынша, Дортмунд қаласының маңында "Боруссия Дортмунд" футбол командасының ойыншыларын тасымалдайтын автобустың жанында үш жарылыс болды. Клуб басшысы Ганс-Йоахим жарылыстан испаниялық ойыншы Марк Бартрдың жараланып, ауруханаға жеткізілгенін мәлімдеді.

Бұған дейін команданың Twitter-дегі аккуантында спортшылардың қауіпсіз жерде екені, стадионның ішінде де, сыртында да ешқандай қауіп жоғы хабарланған. Автобус екі жерінен зақымданған. Жарылысқа не себеп болғаны әзірге белгісіз.

Команда Чемпиондар лигасының ширек финалының матчына Монакомен ойнауға бара жатқан. Ойын 12 сәуірге қалдырылды.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG