Accessibility links

ЕО Иранға адам құқығы жағдайына қатысты салған санкциясын ұзартты


ЕО туы (Көрнекі сурет).

Еуропа Одағы (ЕО) Иранға адам құқықтарының бұзылуына байланысты салған санкциясын тағы бір жылға ұзартты. ЕО мәлімдемесінде санкциялардың "адам құқықтарының кәдімгідей бұзылып жатқанына байланысты" келесі жылдың сәуіріне дейін күшінде қалатыны айтылған.

Санкция бойынша ирандық 82 адам мен заңды тұлғаға виза беруге тыйым салып, активтері бұғатталған, сонымен қатар Иранға телекоммуникация арналарына бақылау жасайтын құрал-жабдықтар мен "елде қуғын-сүргін мақсатында қолданылуы мүмкін" басқа да құрал-жабдықтарды экспорттауға тыйым салынған. Санкциялар 2011 жылы енгізілген және оның Иранның ядролық бағдарламасына қатысы жоқ.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG