Accessibility links

Қарағанды облысында Чкалово ауылының тұрғындарын эвакуациялады


Қарағанды облысының Чкалово ауылында сәуірде болған су тасқынынан кейін су әлі де толық құрғамаған көше. 2015 жыл.

Қарағанды облысының Чкалово ауылында жүзден астам тұрғын үйлерге тасқын су жақындап қалғандықтан үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің (ТЖД) ақпаратына қарағанда, "Самарқанд су қоймасынан секундына 450 текше метр су жіберіліп жатқандықтан бұл ауылды су басу қаупі төніп тұр". Ауылдан барлығы 137 адам, оның ішінде 27 бала эвакуацияланған, қолдағы мал қауіпсіз жерге апарылған.

- Біз көптеген өзге тұрғындар сияқты туыстарымыздың үйлеріне орналастық. Бірер сағат бұрын үйімізден кеткен кезде су үйлерге жақындап қалған болатын. Түсінбей тұрмыз, не себепті суды ертерек жібермеген? Қазір су көптеп келіп жатыр, түнге қарай суды бұдан да көптеп жібереміз дейді, демек, үйлерді қайта су басады деген сөз. ТЖД қызметкерлері жиһаздарымыз бен техникаларымызды алып кету үшін жүк көліктерін әкелді. Біз жиһаздарымызды алып кеттік, ал басқа заттарымызды үйдің шатырына шығардық. Арғы жылы болған су тасқынынан кейін үйлерімізді енді ғана жөндеп, жаңа жиһаздар сатып алған едік. Енді не болатынын елестетудің өзі қорқынышты, - деді Азаттыққа Чкалова ауылының тұрғыны Татьяна Вайгант.

Қарағанды облысында тұрғындары үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған ауыл Чкалово ғана емес. 12 сәуірде су басу қаупінен Бұқар жырау ауданының Гагарин ауылдық округіне қарасты Садовое ауылының 300-ден астам тұрғыны уақытша эвакуацияланған. Тұрғындардың көпшілігі туыстарыныү үйлеріне орныққан. Су басу қаупі Нұра мен Баймырза өзендерінің қосылатын жеріне келетін су көлемінің артуынан туындаған. Бұқар жырау ауданының Көкпекті ауылдық округіне қарасты Сарытөбе ауылынан да жүзге тарта тұрғын эвакуацияланған.

Билік су тасуға қатысты жағдай "ТЖД жедел штабының ұдайы бақылауында" екенін айтады.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG