Accessibility links

БАҚ: Ресей Солтүстік Кореямен шекараға әскери техника апарып жатыр


теміржол эшелонындағы Ресейдің әскери техникасы (Көрнекі сурет).

Солтүстік Корея мен АҚШ арасында әскери жанжал тұтану қаупі күшейген тұста Ресейдің Солтүстік Кореямен шекарасына ауыр әскери техникаларын шоғырландыра бастағаны хабарланды.

Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, өткен аптаның соңынан бастап Қиыр Шығыс тұрғындары теміржолмен және көлік жолдарымен ауыр әскери техникалардың Солтүстік Кореямен шекараға қарай әкетіліп жатқанына куә болып жатыр. DVHab.ru сайтында жарияланған видеода әскери техника, оның ішінде зенит-зымыран кешендері тиелген теміржол эшелондарының кетіп бара жатқаны көрінеді. Эшелон Хабаровск өлкесінің территориясымен шекарадан 100 километр қашықтықта орналасқан Владивосток қаласын бетке алып кетіп барады.

"Таңертеңнен бері бұл әскери техника тиелген үшінші теміржол құрамы" дейді видеодағы ер адам. Сайттың хабарлауынша, жергілікті тұрғындар ықтимал қақтығыстың Ресейдің Солтүстік Кореямен шектес аймақтары үшін тиетін салдарына қатысты "дүрліге бастаған".

АҚШ пен Солтүстік Корея бұған дейін алдын алу шарасы ретінде бір-біріне әскери соққы жасауы мүмкін екенін ескерткен. Пхеньян таяуда ядролық қару қолдануы мүмкін екенін мәлімдеген.

"Восток медиа" сайтының хабарлауынша, жергілікті тұрғындар Хабаровск - Владивосток жолымен оңтүстік бағытқа қарай БТР, тікұшақ және басқа да ауыр әскери техникалардың кетіп бара жатқанына куә болған. БАҚ ақпаратына қарағанда, Ресей әскери ведомствосының ресми өкілі әскери техника "жоспарлы" жаттығу аясында тасымалданып жатқанын айтқан.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG