Accessibility links

Ресей "Открытая Россияны" "ұнамсыз ұйым" деп таныды


Михаил Ходорковский, ресейлік бұрынғы мұнай магнаты, "Открытая Россия" ұйымын құрушы.
Михаил Ходорковский, ресейлік бұрынғы мұнай магнаты, "Открытая Россия" ұйымын құрушы.

Ресей бас прокуратурасы бұрынғы мұнай олигархы Михаил Ходорковскийдің үкіметтік емес "Открытая Россия" ұйымын "қара тізімге" қосты. Бұл - ұйым бірнеше күннен кейін өткізуді жоспарлап отырған наразылық акциясына қауіп төндіреді. Бас прокуратураның мәлімдемесінде "Открытая Россияның" Ұлыбританияда тіркелген "ұнамсыз ұйым" деп танылғаны айтылады. Сонымен қатар "Открытая Россия" азаматтық қозғалысы мен Ходорковскийдің ұлы Михаил Ходорковский басқаратын АҚШ-тағы Қазіргі заманғы Ресей институты да "ұнамсыз ұйым" деп танылған.

"Аталған ұйымдар Ресей территориясында таяудағы сайлаудың нәтижелерін заңсыз деп, жоққа шығару мақсатында арнайы бағдарламалар мен жобаларды іске асырады" делінген прокуратураның мәлімдемесінде. "Открытая Россия" ұйымы бұған жауабында "ресейлік ұйым" екенін және 2015 жылы қабылданған заңға сәйкес "ұнамсыз ұйым" деп жариялануы мүмкін емесін айтады.

Amnesty International құқық қорғау ұйымы Ресей билігі "Открытая Россияны" "ұнамсыз ұйым" деп жариялау арқылы оған толықтай тыйым салуға дайындалып жатыр деп жорамалдайды. "Открытая Россия" наурызда оппозиционер, коррупциямен күресуші Алексей Навальный ұйымдастырған жаппай наразылық акцияларынан кейін тұрғындарды 29 сәуірде митингіге шығуға шақырып жатыр.

XS
SM
MD
LG