Accessibility links

Ақмола облысының Астрахан ауданында төтенше жағдай жарияланды


Ақмола облысының аумақтық картасы (Көрнекі сурет).
Ақмола облысының аумақтық картасы (Көрнекі сурет).

Ақмола облысының Астрахан ауданында су тасқынынан төтенше жағдай жарияланды. Бұл аудандағы бірнеше ауылда үйлерді су басқан.

Су тасқыны облыстың басқа аудандарында да ауылдарды басып жатыр. Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеттің (ТЖК) соңғы мәліметі бойынша, Целиноград, Жақсы, Есіл және Жарқайың аудандарында да жағдай күрделеніп тұр. Бұл аудандарда Есіл мен Нұра өзендерінде су деңгейі көтерілсе бес елді мекенді су басу қаупі төнеді.

ТЖК өзендерде мұздардың бір жерде кептеліп тұрып қалуын болдырмау үшін Астрахан, Атбасар, Бұланды, Сандықтау, Целиноград және Шортанды аудандарында өзендерде мұздарды жару және ұсақтау жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтады.

ТЖК биыл көктемде Ақмола облысының территориясында 119 елді мекенде 23 мыңнан астам халық тұратын 6 мыңға таяу үй су тасқынынан зардап шекті дейді.

XS
SM
MD
LG