Accessibility links

Шымкентте қызметте қаза тапқан полицейлерге ескерткіш орнатылды


Шымкенттегі қызмет бабында қаза тапқан полицейлерге арналған ескертішті ашу салатынаты. 22 маусым 2018 жыл.
Шымкенттегі қызмет бабында қаза тапқан полицейлерге арналған ескертішті ашу салатынаты. 22 маусым 2018 жыл.

Маусымның 22-і күні Шымкенттегі Түркістан облыстық ішкі істер департаменті ғимаратының ауласында қызмет бабында қаза болған полицейлер құрметіне ескерткіш ашылды деп xабарлайды Азаттық тілшісі.

Ескерткіштің ашылу рәсіміне облыс әкімі Жансейіт Түймебаев пен Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдіраxымов және қаза болған полицейлердің туыстары келді. Ашылу рәсімінде қаза болған полицейлерді бір минут үнсіздікпен еске алып, оқ атылды. Қазақстанның әнұраны шырқалып, ескерткішке гүл қойылды.

Департаменттің баспасөз xатшысы Салтанат Қаракөзованың айтуынша, Тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстанда қызметтік борышын атқару кезінде 709 полицей өмірден өткен, олардың 23-і - Түркістан облысының полицейлері.

Қазақстанда қызмет барысында қайтыс болған полицейлерге арналып осымен төртінші ескерткіш ашылып отыр.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG