Accessibility links

Ресейде түрме әкімшілігі Навальныйды қайтадан айып изоляторына жапты


Алексей Навальный.
Алексей Навальный.

Ресейдің түрмеде отырған оппозициялық саясаткері Алексей Навальный қайтадан айып изоляторына қамалды. Бұл мәлімет оның әлеуметтік парақшасында жарияланды.

"Сіздер күлетін шығарсыздар. Бірақ мен қайтадан айып изоляторындамын. Жексенбі күні кешке шығарылдым. Дүйсенбі қайта кіргізді. Олар маған бұл жерден одан әрі шықпайтынымды жасырмады. Бірақ мені неге қайта кіргізгенін біліп алдым. Мен саяси тұрғыдан өте белсенді екенмін. Кремльге Батыс елдері тараптан санкцияға енгізуі тиіс 6000 адамның тізімін жариялауымыз жақпай жатыр екен", - деп жазылған 30 тамыздағы жазбасында.

Алексей Навальный мұның алдында 15 тамызда айып изоляторына жабылған. Оған таңертең жуынуға бара жатқанда, түрмедегі арнайы форманы кимегені үшін ескерту жасаған. 24 тамызда Алексей Навальный күзетшінің "қолыңды артқа бер" деген бұйрығын дереу орындамағаны үшін тағы бес тәулікке айып абақтысына қамалған.

Президент Владимир Путинді үнемі сынап, орыс билігінің коррупциялық әрекеттерін әшкерелеп келген Навальный 2020 жылдың тамыз айында уланып, Германияға жеткізілген. Ол 2021 жылдың қаңтар айында Ресейге қайта оралған бетте ұсталған. Ол "Ив Роше" ісіне қатысты шартты жазаның ережесін бұзды деп айыпталып, сотталған. Кейін оған алаяқтық бабымен жаңа айыптар тағып, тоғыз жылға еркінен ажырату жөнінде үкім шығарған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG