Accessibility links

Иранның стратегиялық нысандарында жарылыс болғаны хабарланды


Исфахан.
Исфахан.

Жексенбіге қараған түні Иранның әскери инфрақұрылым нысандарында бірнеше жарылыс болды деп хабарлады Иран ақпарат құралдарына сүйенген BBC Орыс қызметі.

ИРНА агенттігінің хабарлауынша, Иранның Шығыс Әзербайжан провинциясындағы Шахид-Салими қаласында мотор майын өндіретін ірі зауыт өртенген.

Tasnim агенттігі Исфаханда оқ-дәрі шығаратын әскери зауытқа дрондармен шабуыл жасалғанын хабарлады.

Иранның батысында Дизфуль қаласындағы авиабазада да жарылыс болғаны, елдің батысындағы Хамадан және солтүстіктегі Решт қаласында да жарылыс пен өрт болғаны хабарланды.

Тегеран қаласында да жарылыс дыбысы естілген. Жергілікті тұрғындар үкімет ғимараттарына шабуыл жасалғанын айтқан. Куәгерлер Тегеран әуесіне ұшақтар көтерілгенін айтты.

Әзірше қаза болғандар мен жараланғандар туралы мәлімет жоқ.

Иран қорғаныс министрлігі Исфаханда оқ-дәрі зауытына дронмен шабуыл жасалғанын растаған.

"28 қаңтарда сағат 23.30 шамасында қорғаныс министрлігі орталықтарының біріне дронмен сәтсіз шабуыл жасалды. Біреуін әуе шабуылынан қорғайтын жүйе атып түсірді, екеуі қорғаныс қақпанына түсіп, жарылды" деп жазылған ведомство хабарламасында.

Иран билігі шабуылдаған дрондар қай елге тиесілі екенін айтпады.

Шілдеде Иран "Исфахандағы әскери кешенді жармақ болды" деген күдікпен бір топ адамды ұстағанын хабарлаған. Оларға Израиль мүддесіне қызмет етті деген айып тағылған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG