Accessibility links

Түркия мен Сирияда зілзаладан қаза болғандар 45 мыңнан асты


Түркия мен Сирияда 6 ақпанда болған зілзаладан қаза болғандар 45 мыңнан асты.

Reuters-тің жазуынша, Түркияда 39 672 адам, Сирияда 5800-ден астам опат болған. Екі елде қанша адам жоғалып кеткені белгісіз.

Түркия тұрғындары билік пен құрылыс компанияларын сейсмикалық жағынан қауіпті аудандарда көпқабатты үй салған кезде "тиісті стандартты ескермеді" деп айыптап жатыр. Елде қираған ғимараттарға қатысты тергеу амалдары басталды, 100-ден астам күдікті ұсталған.

  • 6 ақпанға қараған түні Түркияның оңтүстік-шығысында 7,8 магнитудалы бірінші жер сілкінісі болған. Ол Сирияның да бірнеше ауданына әсер еткен. Бірнеше сағаттан соң 7,6 магнитудалы екінші жер сілкінісі тіркелді. Одан соң 1200-ден астам жерасты дүмпуі тіркелген. Түркияда 12 ақпанға дейін қаралы күн жарияланды. Жер сілкінісінің салдарынан екі елде де сәулет ескерткіштері қираған.
  • Түркия мен Сирияға дүниежүзінің 70 елінен құтқару командалары мен дәрігерлер барған. БҰҰ гуманитарлық көмекке шамамен 25 млн доллар бөлді. АҚШ Түркия мен Сирияда зардап шеккендерге 85 млн доллар бөлген. Дүниежүзілік банк Түркияға 1,78 млрд доллар көлемінде қаржылай көмек береді.
XS
SM
MD
LG