Accessibility links

Apple Ресейге 12 миллион доллар айыппұл төлеген


Американың Apple корпорациясы "мобильді қосымша нарығындағы үстемдігін пайдаланды" деген айыппен Ресейге 12,12 миллион доллар айыппұл төлеген.

"Америка дауысының" хабарына қарағанда, бұл "Лаборатория Касперского" компаниясының 2019 жылы түсірген шағымынан кейін басталған. Бұл компанияның ата-аналарға арналған Кaspersky Safe Kids бағдарламасын AppStore қабылдамаған еді.

Бұл – 2023 жылы болған екінші жағдай. Мұның алдында да Apple Ресей билігінің айыппұлына келіскен. 17 қаңтарда Ресей "жергілікті мамандарды AppStore қосымшасының дүкенінде Apple төлем сервистерін пайдалануға мәжбүрледі" деген айыппен америкалық компанияға 17 миллион доллар төлеттірген еді.

Украинаға басып кіргеніне байланысты Ресейде Apple 2022 жылғы наурыздан бастап өз тауарларын ресми түрде сатпайтын болған. ApplePay төлем сервисін де тоқтатқан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG