Accessibility links

Алина Кабаева мен Саида Мирзияева көркем гимнастикадан әлем кубогын бірге тамашалады


Көркем гимнастикадан әлем кубогының Ташкенттегі кезеңін көруге келген қонақтар. 16 сәуір, 2023 жыл.
Көркем гимнастикадан әлем кубогының Ташкенттегі кезеңін көруге келген қонақтар. 16 сәуір, 2023 жыл.

Көркем гимнастикадан әлем кубогының Ташкентте өткен соңғы кезеңіне өзбек президентінің қызы Саида Мирзияева мен көркем гимнастикадан екі дүркін әлем чемпионы, Олимпиада чемпионы, Ресей мемлекеттік думасының бұрынғы депутаты Алина Кабаева құрметті қонақ ретінде қатысты.

Жергілікті ақпарат құралдары таратқан суреттерде Саида Мирзияева Батыстың санкция тізіміндегі Алина Кабаевамен бірге отыр.

2022 жылғы жазда Алина Кабаева Еуроодақ, Ұлыбритания мен АҚШ санкцияларына іліккен адамдар мен ұйымдардың "қара тізіміне" енген. ЕО, Ұлыбритания және АҚШ Алина Кабаева бұл тізімге Ресей президенті Владимир Путинмен "жақын қарым-қатынаста" болуына байланысты енгенін мәлімдеген. Халықаралық ақпарат құралдары Путин мен Кабаеваның ортақ балалары барын жазған.

Мәселен, швейцариялық SonntagsZeitung газеті 2022 жылғы 1 мамырда Владимир Путиннің 2015 және 2019 жылдары туған екі баласы бар деп хабарлаған.

Басылымның мәліметінше, екі баланы Ташкентте туып-өскен бұрынғы гимнаст Алина Кабаева дүниеге әкелген. Кейінгі кездері Кабаеваның есімі Батыс баспасөзінде Путинге ең жақын адамдардың бірі ретінде жиі аталып жүр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG