Accessibility links

Алматы мәслихатындағы "Аманат" депутаты Башинскаяның Украина президентіне "кеңесі" реакция тудырды


"Аманат" партиясының Астанадағы бас кеңсесі.
"Аманат" партиясының Астанадағы бас кеңсесі.

Алматы қалалық мәслихатына "Аманат" партиясы арқылы өткен депутат Анна Башинская "Украина президенті Владимир Зеленскийге Қырымның орнына Түркияға шабуыл жасау жөнінде кеңес берді" деп жазады ҚазТАГ.

Агенттіктің жазуына қарағанда, депутат Башинская Deutsche Welle басылымының Facebook-парақшасындағы пост астына "Зеленский мырза, дұрысы – Түркия! Ол жақта жыл бойы жылы" ("Лучше в Турцию, господин Зеленский! Там тепло круглый год") деген пікір қалдырған.

"Deutsche Welle басылымының материалында Зеленский Украина қарсы шабуылға шығып, Ресей басып алған жерлерді, соның ішінде Қырымды да қайтарып алатынын айтқаны сөз болған. Президент Зеленский сұхбатында Украина шабуылының нәтижесі Батыстың Киевке қару беруіне байланысты екені айтылған. "Зеленский әйтпесе соғыс ондаған жылға дейін де созылуы мүмкін екенін айтқан" деп жазады ҚазТАГ.

Башинскаяның Зеленскийге "кеңесі" әлеуметтік желіде алуан түрлі пікірді көбейткен. Желі қолданушыларының кейбірі Башинская сөзі үшін "Аманат" партиясы жауап беріп, депутатқа шара қолдануға тиіс деп жазған.

Көп ұзамай Анна Башинскаяның өзі әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы жұртшылыққа жауап беріп, Украина президентінің мәлімдемесіне ойланбай пікір жазғанын айтып, кешірім сұраған.

"Украина мен Ресей халқына тек бейбітшілік тілеймін. Кешіріңіздер, бұл – менің қатем. Бұл жайтқа пікір жазуға құқығым жоқ, біздің өз еліміз бар, мен депутат ретінде әуелі өз елімнің игілігін ойлауға тиіспін" деп жазған.

Анна Башинская партияластарынан да кешірім сұраған. "Аманат" партиясы Башинскаяның Зеленскийге кеңесі туралы әзірге түсініктеме берген жоқ.

Украина президенті Владимир Зеленский Финляндия, Швеция, Дания және Норвегия журналистеріне берген үлкен сұхбатында Украина шабуылға шығып, Ресей басып алған жерлерді азат ететініне сенімді екенін мәлімдеген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG