Accessibility links

Ресей Украинаға тағы шабуыл жасады, кемінде 14 адам жараланды


Киев төбесінен прожектор көмегімен дрон іздеу.
Киев төбесінен прожектор көмегімен дрон іздеу.

13 мамырға қараған түні Ресей әскері Украинаға тағы шабуыл жасады. Кемінде 8 адам зардап шекті.

Хмельницкий облысында дрондар шабуылының нәтижесінде 11 адам жараланды: олардың денесіне әйнек кіріп, орташа дәрежедегі жарақат алған. Украина билігінің мәліметінше, елдімекендерден тыс орналасқан маңызды инфрақұрылымдарға да шабуыл жасалған. Жарылыс қуатының салдарынан тұрғын үй, оқу және медицина мекемелері, әкімшілік және өнеркәсіп ғимараттары бүлінген.

Николаевта дрондар (ирандық "Шахед" шабуыл жасаған деген мәлімет бар) шабуылынан үш адам зардап шеккен. Снарядтар кәсіпорындағы бес қабатты және екі қабатты ғимаратты бүлдіріп, өрт шыққан.

Жергілікті биліктің хабарлауынша, мамыр айынан бері Киевке осымен алтыншы рет шабуыл жасалып отыр, бұл жолы тек дронмен шабуыл жасалған. Барлық дрон атып түсірілген.

Украина қарулы күштері бір түнде Украинаның түрлі ауданына 21 дронмен шабуыл жасалғанын айтады – 17 дрон атып түсірілген.

Ресей қорғаныс министрлігі таңертең орыс армиясы соғыс жүріп жатқан оңтүстік секторда "қарсылас жақтың тірек пункті мен техникасын" жойғанын хабарлады.

XS
SM
MD
LG