Accessibility links

Қытай аумағында AppStore-дан WhatsApp пен Telegram-ды алып тастады


Қытайдағы Apple дүкені.
Қытайдағы Apple дүкені.

Apple корпорациясы Қытайдағы AppStore қосымшалар дүкенінен Meta корпорациясына тиесілі WhatsApp мессенджері мен Threads әлеуметтік желісін, тағы Telegram мен Signal мессенджерлерін өшіріп тастады. Бұл туралы 19 сәуірде The Wall Street Journal мен басқа да Батыс ақпарат құралдары хабарлады. Корпорация оларды алып тастағанын растады.

Ақпаратқа қарағанда, қосымшаларды өшіруді Қытай билігі талап еткен, Пекин оларды "ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіреді" деп санайды.

Reuters жазуынша, бұл Қытай үкіметінің хабар алмасуға арналған шетелдік кей платформаға қырын қарайтынын көрсетеді. Reuters Meta-ның Facebook пен Instagram қосымшалары әзірге Қытайдағы AppStore-дан өшпегенін хабарлады.

Қытай билігінің WhatsApp пен Telegram-ды қауіпсіздікке қатер төндіруі мүмкін деп санауына нақты не түрткі болғаны белгісіз. Apple саясатына сәйкес, корпорация жұмыс істейтін елінің талабына келіспесе де, оның заңын ұстанады.

Бұған дейін Apple-дың бұл ұстанымын ресейлік оппозиционерлер де сынға алған. Корпорация "Роскомнадзор" талабына келісіп, AppStore-дағы қосымшаларды алып тастаған еді. 2021 жылы мемлекеттік дума сайлауында Apple "Ақылмен дауыс беру" қосымшасын өшірген.

Apple 2017 жылы Қытайдағы AppStore-дан The New York Times газетінің қосымшасын алып тастады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG