Accessibility links

Одессаға ракета шабуылы кезінде бірнеше адам зардап шекті


20 сәуірде Ресей әскері Украинаның Одесса облысына ракетамен шабуыл жасады деп хабарлады облыстың әскери әкімшілігі Олег Кипер. "Жау бейбіт халыққа террор жасауын тыймай отыр" деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

Шабуылдың нәтижесінде жеке үйлер қираған. Сегіз адам зардап шеккен, арасында үш-төрт жастағы екі бала бар.

Кипердің сөзінше, 80 жастағы тұрғын бассүйек жарақатымен ауруханаға түскен. Денесі жарақаттанған үш жастағы тағы бір бала да ауруханада жатыр.

"Зардап шеккен өзге адамдар медициналық көмек алды, олар ауруханаға жатудан бас тартты" деді облыс жетекшісі.

"РБК-Украина" сайтының жазуынша, Ресей әскері Одессаны X-59 типтегі үш ракетамен атқылаған. Жеке сектор соққыланған. Ресей билігі азаматтық нысандарды көздегенін түбегейлі түрде жоққа шығарып келеді.

Днепропетровск облыстық кеңесінің жетекшісі Николай Лукашук сенбі күні орыс әскері Днепровск ауданына соққы жасағанын хабарлады.

"Өкінішке қарай 54 жастағы ер адам қаза болды. Ол сол маңда көлігін жөндеп жатқан" деді Лукашук.

Ресей билігі ақпаратқа түсініктеме берген жоқ.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG