Accessibility links

FT: Блинкен Қытайға барып, Ресейді технологиямен қамтамасыз етпеу жөнінде Пекинге ескерту жасамақ


АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен. 19 сәуір 2024 жыл.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен. 19 сәуір 2024 жыл.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен 24-26 сәуірде Қытайға сапары барысында Ресейді технологиямен қамтамасыз етпеу және бұл әрекеттің салдары қатаң санкциямен аяқталуы мүмкін екендігі жөнінде Пекинге ескерту жасамақ. Бұл жөнінде құпия дереккөздерге сүйенген Financial Times жазды.

Басылым дереккөзінің айтуынша, АҚШ мемлекеттік департаментінің жетекшісі Қытай сыртқы істер министрі Ван Иге АҚШ барған сайын Қытайдың Мәскеуге қатысты әрекеттеріне көне бермейтінін жеткізуге тиіс. Керек жағдайда жазалау шараларын да қолдануға дайын екенін білдірмек. Алайда Блинкен мәселе қандай санкция жөнінде айтып отырғанын нақтыламаған. Financial Times-тің жазуынша, Қытайдағы қаржы институттары шектеуге енгізілуі мүмкін.

Осы аптада сәл ертерек "Үлкен жетілік" елдерінің сыртқы істер министрлерінің кездесуі кезінде Пекиннің Ресейдің қорғаныс өнеркәсібіне айтарлықтай үлес қосып отырғаны айтылған еді. Bloomberg-тің жазуынша, Қытай қару-жарағын Ресейге тіке тасып жатқан жоқ, бірақ АҚШ мемхатшысы Пекинге мұндай ескертуге АҚШ-тың барлық одақтасы қосылатынын жеткізбек.

Financial Times дереккөздерінің бірінің жазуынша, Қытай өз банктеріне қарсы енгізілуі мүмкін санкция шараларына ерекше алаңдап отыр.

Киевтің одақтастары Қытай Ресейге әскери технологиясын тасымалдап жатқанын бірнеше рет мәлімдеген. FT мәліметінше, 2023 жылы Ресейге импортталған чиптердің жартысы Қытай арқылы барған және олардың барлығы ракета, танк, ұшақтарды құрастыру саласында пайдаланылған.

Басылымның жазуынша, былтыр соңғы үш айда Ресей Қытайдан импорттаған станоктардың 70 пайызы баллистикалық ракеталарға қолданылған.

Мәскеу мен Пекин айыптауларды жоққа шығарды.

XS
SM
MD
LG