Accessibility links

"Семей орманы" резерватында тағы өрт болды


"Семей орманы"
"Семей орманы"

26 сәуірде "Семей орманы" табиғи резерватында орман өртенді деп хабарлады төтенше жағдай министрлігі.

Экология және табиғи ресурстар министрлігіне қарасты орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің хабарламасында өрт баруға қиын, жол жоқ жерден шыққаны жазылған. Ол аумақ Бородулиха ауылынан 15 шақырым жерде орналасқан. Өрт туралы ақпарат 26 сәуірде сағат 13.21-де түскен.

Оқиға орнына 11 адам және орман шаруашылығының жеті техникасы, сонымен бірге жеке құрамның алты адамы, екі техникасы барған.

Ізінше төтенше жағдай министрлігінің баспасөз қызметі өрт оқшауланғанын хабарлады. Өрт аумағы 0,22 га.

Абай облысы әкімдігінің мәліметінше, өрттің шығуына жоғары вольтты электр бағандарына құрғақ ағаштың құлағаны себеп болған.

Бұл "Семей орманында" болған алғашқы өрт емес. Былтыр маусымда Абай ауданы Бородулиха ауданында "Семей орманы" резерватына тиесілі мыңдаған гектар орман өртенген. Абай облысындағы өрттен 14 адам қаза болған деп айтылады. Қаза болған тағы бір адам – тракторист туыстарының сөзінше, ол да өртті сөндіруге атсалысқан.

Былтыр өртке жол бергені үшін төтенше жағдай министрі Юрий Ильин қызметінен босатылды. Кейін экология министрі Зульфия Сүлейменова мен Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев өртке байланысты қозғалған қылмыстық іс аясында тергелетіні белгілі болды. 1 шілдеде Абай облысындағы өртке қатысты қозғалған қылмыстық іс бойынша "Семей орманы" резерватының жетекшілері мен Жаңа шүлбі бөлімшесіің өкілдері күдікті атанғаны хабарланды.

XS
SM
MD
LG