Accessibility links

Өзбекстанда ер адам "желіде президентті қорлады" деген айыппен бес жылға сотталды


Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев

Өзбекстанда желіде ел президенті Шавкат Мирзияевке қатысты пікір жазған 28 жастағы ер адам бес жылға сотталды. Сот наманғандықты "Өзбекстан президентін жұрт алдында қорлау", "Өзбекстан шекарасынан заңсыз шығу" бабымен айыпты деп тапты.

Ақпаратқа қарағанда, Д.Турсунов есімді тұрғын былтыр 8 мамырда желіде "Өзбекстан президенті Мәскеудегі парадқа қатысады" деген ақпараттың скринін жариялаған. Жергілікті басылымдардың жазуынша, "ол жазбасында президентті қорлап, мемлекетке қарсы пікір жазған".

Бұған қоса, айыпталушының 2016 жылы қыркүйекте Өзбекстаннан Әзербайжанға өтіп, сол жақтан Иранға паспортына таңба бастырмай заңсыз шығып кеткені де айтылады.

Кейінгі жылдары Өзбекстанда ондаған блогер мен желіде пікір жазғандар "алаяқтық" және "президентті қорлау" айыптарымен түрмеге қамалды. Халықаралық Human Rights Watch құқық қорғау ұйымы қаңтардағы есебінде "2023 жылы Өзбекстанда адам құқығы жағдайы нашарлағанын" жазды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG