Accessibility links

Ресейде кісі өлтіргені үшін сотталған ГРУ қызметкері Украинада қаза тапты


Эдуард Ульман
Эдуард Ульман

Ресей бас барлау басқармасында арнайы жасақ тобының командирі болған, Шешенстанда кісі өлтіргені үшін сырттай сотталған Эдуард Ульман Украинада мерт болды. Ресей ішкі істер министрлігінің іздеу базасына қарағанда, ол Ресейде әлі де федералды іздеуде.

Ульманның қаза тапқанын "Новая Бурятия" басылымы хабарлады. Басылым бұл хабарды "Защита" әскери қызметкерлер одағы дейтін қоғамдық ұйымның жетекшісі Сергей Семанчукке сілтей отырып жариялады. Кейінірек бұл ақпаратты басылымға марқұмның анасы Наталья Коробенкова растаған.

Хабарда әскери қызметкердің қалай қаза тапқаны нақтыланбаған. Оған дейін Ульман Донбасста Мәскеу қолдауына ие жікшіл әскери топтың құрамында әскери қимылдарға қатысқан болуы мүмкін деген ақпар тараған. 2022 жылы бұл жікшіл топ Ресей әскерінің құрамына кірген.

2007 жылы Солтүстік Кавказ әскери округінің соты Ульманды Шешенстанда кісі өлтіргені үшін соттаған. Ол 2002 жылғы 11 қаңтарда Шешенстандағы Шатой ауданында бейбіт тұрғындар мінген көлікті атқылағаны үшін айыпты деп танылған. Оның командирі майор Алексей Перелевский куәгерлерді өлтіруді бұйырған, арнайы жасақ бес адамды адамды атып тастаған. Марқұмдардың бірі Зайнап Джаватханова сегізінші баласына жүкті болған.

Алқабилер соты Перелевский мен Ульманды және арнайы жасақтың өзге де қызметкерлерін екі рет ақтаған. Олар кісі өлтіргенін жоққа шығармаған, бірақ басшылық бұйрығын орындадық деген. Әскери сот Ульманды 14 жылға, Перелевскийді тоғыз жылға бас бостандығынан айырған. Әскери сот үкімі оқылар алдында Перелевскийден өзге айыпталушылардың бәрі қашып кеткен. Майор белгіленген мерзімді өтеп, босап шыққан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG