Accessibility links

Ресей Украинаның алты өңіріндегі электр станцияларына шабуылдады


UKRAINE-CRISIS/POWER
UKRAINE-CRISIS/POWER

Ресей әскері сәрсенбі, 8 мамырға қараған түні зымыран мен дрон қолданып, Украинаның алты аймағындағы энергетика нысандарына шабуыл жасады. Бұл туралы Украинаның энергетика министрі Герман Галущенко хабарлады. "Тағы да біздің энергетикамызға жаппай шабуыл жасалды! Полтава, Кировоград, Запорожье, Львов, Ивано-Франковск, Винница облыстарында электр қуатын өндіретін және тарататын нысандарға шабуылдады", – деп жазды ол министрліктің телеграм-арнасында.

Ақпаратқа қарағанда, шабуыл жасағандар Львов облысының Добротвор ауылы және Винница облысының Ладыжин қаласындағы жылу электр станцияларын нысанаға алған.

Полтава ауданында энергетика инфрақұрылымына дрон түсіп, өрт шыққан. Полтава облысының әкімшілік басшысы Филипп Прониннің айтуынша, адамдар зардап шекпеген.

Ел астанасы Киевке де шабуыл жасалды деп хабарлады Киев қалалық әскери әкімшілігінің бастығы Сергей Попко. Оның сөзінше, ресейлік Ту-95МС стратегиялық бомбалаушы ұшағы x-101/x-555/x-55 қанатты зымыранымен шабуыл жасаған. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

  • Ресей әскері Украинаға күн сайын шабуылдайды. Ресей қорғаныс министрлігі тек әскери нысандарды нысанаға аламыз дейді. Азаматтық инфрақұрылымға келген зиян және бейбіт тұрғындар арасындағы шығын туралы түсініктеме бермейді.
  • Наурыздың аяғында Украинаның қорғаныс министрі Рүстем Умеров НАТО-Украина кеңесінің кезектен тыс отырысында Украина аумағындағы нысандарға Ресей шабуылдарының 97 пайызы азаматтық инфрақұрылымға жасалғанын және 2024 жылдың басынан бері олардың жалпы қуаты тоғыз килотоннан асқанын айтқан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG