Accessibility links

Ресей әскері Харьковты атқылады. Бір бала мен екі зейнеткер зардап шекті


Ресей әскері Харьковті атқылағаннан өртке оранған ғимараттар. 10 мамыр 2024 жыл.
Ресей әскері Харьковті атқылағаннан өртке оранған ғимараттар. 10 мамыр 2024 жыл.

10 мамырға қараған түні Ресей әскері Харьковты атқылап, үш адам зардап шекті. Елуден астам үй қирады деп хабарлады аймақ билігі.

Зардап шеккендер арасында 11 жастағы бала да бар.

Харьков мэрі Игорь Тереховтің сөзінше, С-300 ракета соққысының нәтижесінде үш үй өртенген – екеуі толық жанып кеткен. 26 үй бүлінген. 80 абонент электр энергиясыз қалған, төрт үй газдан ажыраған.

Харьков түбіндегі ауылдардың біріне авиациялық бомба құлып, шамамен 25 ғимарат, 33 сауда павильоны бүлінген. Тағы бір ауылды артиллериялық атқылау кезінде жеке үй мен қора-жайдың шатыры өртенген.

Украинаның әуе күштерінің хабарлауынша, түнде Ресей әскері Украинаға соққы жасайтын он дрон жіберген, Харьков облысына С-300/С-400 ракеталарын жіберген. Одесса, Николаев және Херсон облыстарында барлық дрон жойылған.

  • Ресей 2022 жылы 24 ақпанда Украинаға басып кірген. БҰҰ мәліметінше, екі жыл ішінде Украинада 10 мыңнан астам бейбіт азамат қаза болған, 20 мың адам жараланған. БҰҰ сонымен бірге Ресей әскерінің бейбіт азаматтарды дарға асуы, ұрлауы, азаптауы, дөрекі қарым-қатынас жасауы, еркінен тыс ұстау сияқты фактілерді құжатқа түсірген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG