Стамбулдағы жарылыстардан ондаған адам мерт болған
Түркияның Стамбул қаласында желтоқсанның 10-ы күні кешке, түркиялық екі футбол командасы арасындағы ойыннан кейін стадион қасында болған екі жарылыстан кемінде 29 адам қаза тауып, 166 адам жараланған. Мерт болғандардың 27-сі – полиция қызметкерлері деп хабарлады билік. Жарылыстарға байланысты он адам ұсталған. (Reuters видеосы)