Accessibility links

AzattyqLIVE: Қоғам мен билік диалогы қандай болуы тиіс?


Құқық қорғаушы Амангелді Шорманбаев (оң жақта) және журналист Кенжебек Нұрқасен. Алматы. 29 сәуір, 2016 жыл.
Құқық қорғаушы Амангелді Шорманбаев (оң жақта) және журналист Кенжебек Нұрқасен. Алматы. 29 сәуір, 2016 жыл.

Қазақстанның кей аймағында жер туралы жиындар өтті. Бас прокуратура бұған байланысты «арандатушылықтың жауапкершілігі» барын ескертті. AzattyqLIVE хабарында осыған байланысты "Азаматтардың ар-ождан бостандығы қалай жүзеге асырылады?" деген мәселе талқыланды. Хабарға құқық қорғаушы Амангелді Шорманбаев қатысты.

Қазақстанның бірқатар қалаларында тұрғындар жиналып, үкіметтің «жерді сату және шетелдіктерге жалға беру» жоспарына қарсылық білдірді.

Бүгін, 29 сәуірде таңертең Алматыда бірнеше белсендіні полиция ұстап әкетті. Олар жер, тіл мәселесі жөнінде баспасөз жиынын өткізбек болған еді.

Кеше Ақтауда жерге қатысты көзқарасын билікке жеткізуге талпыныс жасаған ондаған тұрғынды полиция орталық алаңға өткізбей, таратып жіберген. Олардың кейбірін полиция бөліміне апарып, жазбаша түсіндірме алған.

Бұған дейін Атырауда, Ақтөбе мен Семейде де жер мәселесі бойынша наразылық акциялары өткен.

Қазақстан конституциясында әркiмнiң ар-ождан бостандығына құқығы бар екені, оны жүзеге асыру жалпы адамдық және азаматтық құқықтар мен мемлекет алдындағы мiндеттерге байланысты болмауға немесе оларды шектемеуге тиiс екендігі жазылған. Азаматтардың ой-пікір еркіндігі мен ар-ождан бостандығы қалай жүзеге асырылады? Бейбіт жиын өткізу құқықтары қандай жағдайда шектеледі? Билік пен азаматтық қоғам арасында диалог орнатудың қандай жолдары бар?

​AzattyqLIVE хабарында құқық қорғаушы Амангелді Шорманбаев осыған қатысты сұрақтарға жауап берді.

"Халықта - бір пікір, билікте - басқа мүдде"
please wait

No media source currently available

0:00 0:25:56 0:00

XS
SM
MD
LG